Діни ахуалды талқылады
Діни ахуалды талқылады
285
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурыз­бай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсыл­мандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады. – Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, – деді Елбасы.