Президент халықты Амал мерекесімен құттықтады
Президент халықты Амал мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz
593
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Көрісу күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», – деп жазды. Бұған дейін Көрісу күнінің тарихы туралы жазған болатынбыз.