Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Көрісу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», – деп жазды.
Бұған дейін Көрісу күнінің тарихы туралы жазған болатынбыз.