Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Polisia.kz
3,511
оқылды
Оқиға бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, Toyota Carina және JAC N80 көлікгі соқтығысты.   [caption id="attachment_244560" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: Polisia.kz[/caption] Toyota автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 159-шақырымында жолды бөліп тұратын қоршауды соққан. Екпінмен бір бағытта кетіп бара жатқан JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Апат орнында 68 жастағы әйел қаза тапты. 70 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.