Әзірге бұл ұсыныс министрлікте қаралып жатыр. Нақты іске аса ма, жоқ па, ол жағы да әзірге белгісіз.«Министрлік бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтермек. Ондай жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ғана төленеді. Бұл мерзімді 1,5 немесе 3 жылға дейін ұзарту нұсқасын қарастырып отырмыз. Қазіргі уақытта шамамен 387 мың ана бала күтіміне байланысты аталған жәрдемақыны алады. Оның ішінде Әлеуметтік сақтандыру қорынан алатындардың саны аз», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Елімізде әр босанған әйелге баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік жәрдемақы берілетіні белгілі. Ай сайын 16 мың теңге көлемінде болса, жұмыс істеген аналар үшін бұрынғы жалақысының 40 пайызы бала бір жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы ретінде төленіп отырады. Ал министрлік ұсынып отырған жаңа жоба жүзеге асса, әрбір ана бала күтіміне байланысты жәрдемақыны баласы үш жасқа толғанша алар еді.
Ж.НҰРЛАН