Су тасқыны: Оралда ауыл тұрғындары көшірілді
Су тасқыны: Оралда ауыл тұрғындары көшірілді
Фото: ТЖД-нен алынды
697
оқылды
Оралда су тасып, Маштаков ауылының тұрғындары әбігерге түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 20:00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті. Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еркімен туған-туысының үйіне көшті. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды. Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды. Айта кетейік, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облысында да су тасқыны қаупі сейілмей тұр.