Алматыда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен кеш өтеді
Алматыда Димаш Құдайбергеннің қатысуымен кеш өтеді
©vk.com
2,879
оқылды
22 наурыз күні Алматыда ОРРО компаниясы өзінің бренд-амбассадоры, әлемге танымал орындаушы Димаш Құдайберген қатысатын іс-шара ұйымдастырады. Айта кетейік Freedom Mobile компаниясы ОРРО смартфондарының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Іс-шара нарыққа ОРРО-ның жаңа флагманы Reno8 T Series смартфонының шығу құрметіне ұйымдастырылады. Сіз Freedom Mobile-дың Қазақстанның 31 қаласындағы кез келген 126 дүкенінің бірінен OPPO Reno8 T немесе OPPO Reno8 T 5G сериялы смартфондардың біреуінің иесі бола аласыз. Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін 24 айға бөліп төлеу рәсімі қарастырылған. Іс-шара бағдарламасында жүлдесі бар байқаулар өткізіледі. Сондай-ақ арнайы фотоаймақ болады. Тіпті Димаштың жанкүйерлерінің нетворкингі қарастырылған. Кештің хэдлайнері – Ұлытау тобы. Әрине, барша қонақтарды көктемнің шуақты Наурыз мейрамымен Димаш Құдайбергеннің өзі құттықтайды. Ивент соңында - OPPO-ның Reno8 T Series смартфонын ілгерілету кампаниясының шеңберінде құрылған, Димаштың қатысуымен түсірілген минифильмнің тұсаукесері өтеді.