Астанада Наурыз мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Астанада Наурыз мерекесіне орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
© sputnik.kz
2,347
оқылды
Елордада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өткізіледі. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғындары мен қонақтары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстарына, мерекелік іс-шараларға және т.б. қатыса алады.
«15 наурызда сағат 12:00-де орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Армысың, әз – Наурыз» мерекелік кешін, ал 16 наурыз күні сағат 16:00-де «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз!» іс-шарасын өткізеді. 16-17 наурыз күндері қаланың білім беру ұйымдарында оқушыларға арнап арнайы тақырыптағы көрмелер, кітапханалар мен мұражайларда конференциялар, сондай-ақ ардагер ұстаздармен кездесулер, театрландырылған қойылымдар, конкурстар дайындалады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Өркен» оқу орталығында «Наурыз тойы басталды» ұлттық ойын түрлерінен турнир өтеді. 16 наурызда сағат 19:00-де «Жастар» сарайы «Наурыз мейрамы құтты болсын!», ал 17 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да «Наурыз – думан» мерекелік бағдарламасы өтеді. 16-28 наурыз аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында «Қош келдің – әз-Наурыз» атты мерекелік көрме өтеді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 17 наурыз күні факультеттер арасында мерекелік концерт пен дастархан жаю бойынша конкурс өткізіледі. Елорданың Қуыршақтар театрында 17-31 наурыз аралығында жас көрермендер үшін «Наурыз – думан» қуыршақ шоуы ұйымдастырылады. 17 наурызда Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Палитра созвучий» концертіне шақырады, онда Камералық хор Гамбург әйелдер хорымен (Германия) бірлесіп, арнайы әзірленген бағдарламаны ұсынады. 20 наурызда сағат 19:00-де осы сахнада мәдениет саласындағы «Наурыз ұлттық сыйлығы» іс-шарасы өтіп, ұлттық сыйлығы табысталады. Сол күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Қара жорға» би флешмобын және «Наурыз – думан» челлендж күйлерін дайындап отыр. 21 наурызда кешкі сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театры «Жаздың соңы» премьералық қойылымын ұсынады. Ал 22 наурызда дәл осы сахнада «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы, ал 23 наурызда – «Гауһартас» музыкалық-драмалық қойылымының премьерасы көрсетіледі. 21 наурызда сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да «Әнім сен едің» концерті өтеді. Сахнада еліміздің жетекші солистері, жас әрі талантты орындаушылар, заманауи эстраданың танымал жұлдыздары қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындайды. 21-23 наурыз аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтеді. Шығыс жәрмеңке этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларын ұсынады. Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағада қолжетімді болады. Нағыз гурмандарды шығыс тағамдары фестивалі күтеді. Жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді: 21 наурыз сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурыз күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. 21 наурызда сағат 13:00-де ЭКСПО аумағындағы Nur Alem сферасының жанындағы ашық алаңда «Наурыз мейрамы» көшпелі өркениет фестивалі ашылады. Ол сондай-ақ 22 және 23 наурызда сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фестиваль аясында мерекеге орай елорда тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Фестиваль елорданың басқа ауданында ұйымдастырылады. Мәселен, Қазақ Елі монументінің алаңында және қалалық алаңда 21 және 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, 23 наурызда 11:00-ден 14:00-ге дейін. Ауқымды іс-шаралар елдімекендердер де ұйымдастырылады. Алматы ауданы бойынша:
  • «Теміржолшылар» елді мекені;
  • «Жерұйық» саябағы;
  • «Күйшілер» аллеясы;
  • «Интернациональный» елді мекені;
  • «Мичурино» елді мекені.
Есіл ауданы бойынша:
  • «Үркер» елді мекені;
  • «Байтерек» монументі;
  • «Пригородный» елді мекені;
  • «Жағалау» гүлзары;
  • «Арнау» тұрғын үй кешені;
  • «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені;
  • «Назарбаев-Орталығы».
Сарыарқа ауданы:
  • «Көктал» саябағы;
  • «Қорғалжын» саябағы;
  • «Агроқалашық» елдімекені.
Байқоңыр ауданы:
  • «Ататүрік» саябағы;
  • «Жазушылар» аллеясы;
  • «Кирпичный» елді мекені;
  • «Казгородок» елді мекені;
  • «Өндіріс» елді мекені.