Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерден ұжымдық өтініш келіп түскен. 7 кәсіпкер өздеріне 160 мың теңгеден астам сомаға 21 ұйғарым жолданғанын айтып шағымданған. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап автотасымалдаушылардың атына қоғамдық көлікке арналған жолдарда жүргені үшін айыппұл келе бастайды. Негізі, барлық кәсіпкерлердің жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиялары бар.
Тасымалдаушылар ұсынылған талаптармен келіспеді. Алайда олар есеп айырысу шоттарын жабудан қорқып, айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Дегенмен кәсіпкерлер мәселені жабулы қазан жабулы күйінде қалдырмай, уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сонымен қатар кәсіпкерлер әкімшілік полиция бөліміне сұрау жіберген, жіберілген мекемеден екі жауап алынды.
Алғашқы жауапта «тыйым салынған көлік құралдарына арналған жолдарда қозғалыс болмайды және осы жолда басқа көлік құралдарының тоқтауына болмайды» және «қоғамдық жолда жүруге рұқсаттар мен құжаттар беру заңда көзделмеген» делінген. Кейіннен «Қоғамдық көліктерден басқа, жол қозғалысына тыйым салынған жолдарда көлік қозғалысы жасалынбайды және басқа көліктер осы жолда жүрмейді» деген тағы бір жауап келеді. Сонымен бірге Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық көлікті «жолаушылар мен багажды, таксилерді тұрақты және жүйесіз автомобиль көлігімен жүзеге асыратын қоғамдық көлік» деп санайды. Нәтижесінде, екі қарама-қайшылықты жауап пайда болды. Тасымалдаушы автобустың нөмірлері базаға енгізілмеген және айыппұлдар жойылған жоқ.
Палата сарапшылары мәселені зерделей отырып, Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының ұсынған түсініктемелері мен келіп түскен нұсқамаларды заңсыз, негізсіз, бизнеске әкімшілік қысым және әкімшілік тосқауыл деп санайды.
Мәселе өткен жылдың 19 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Алматы қаласы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілді. Нәтижесінде, мәселені шешу үшін ұсыныс қабылдау керегі туралы резолюция қабылданды.
Еліміздің Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2020 жылға арналған ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын басшылыққа ала отырып және кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы хаттамасының шешімін орындау мақсатында, палата Алматы қаласының прокуратурасына уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін жан-жақты зерделеу бойынша жұмыс жүргізу және жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішхат жолдады.
Прокуратура Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының атына осы айыппұлды төлеген жеке кәсіпкер Дмитрий Маремуха мүддесіне наразылық білдірген. Сот прокурордың наразылығын толық қанағаттандырды және қылмыс құрамының болмауына байланысты кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті «Атамекен» ҰКП сауалына жауап ретінде: «егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келсе, ол маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен қозғалысты жүзеге асыруға құқылы» деп хабарлады.
Нәтижесінде, автотасымалдаушыларға қатысты айыппұлдар жойылады және оларға қоғамдық көлік үшін жолдарды пайдалануға рұқсат етіледі.