Америкалық оқушы қыз «Қара жорға» күйін орындады
Америкалық оқушы қыз «Қара жорға» күйін орындады
808
оқылды
Америкалық оқушы қыз домбырада «Қара жорға» күйін орындады. Оқушы қыздың домбырада қазақтың халық күйін ойнаған сәтінен видеоны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі әлеуметтік желіде бөлісті.
«Мен Flex abroad бағдарламасының студентімін және қазіргі уақытта Алматыдамын. Осыдан бес ай бұрын Миннесота штатынан келген едім. Менің ең сүйікті сабақтарымның бірі – домбырада ойнау. Ал ең сүйікті күйлерімнің бірі «Қара жорға» деп аталады», - деді америкалық Риа Эдберг.