Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
468
оқылды
Ауа райының  нашарлауына байланысты Жетісуда бірқатар жол апаты болды.
Екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көпірден аударылып кеткен. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ Алматы-Өскемен автожолының 361-шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.