Алуа Балқыбекова әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
352
оқылды
2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
"Барлық қазақстандықтарға Үндістаннан үлкен сәлем! Менің алғашқы жекпе-жегім аяқталды. Құдайға шүкір, жеңіске жеттік. Мені қолдаушы барлық жанкүйеріме, туыстарыма және достарыма алғыс айтамын! Өздеріңіздің қолдауларыңыздың, Алла Тағаланың және жаттықтырушыларымның арқасында бүгін жеңіске жеттім! Келесі жекпе-жектерде қыздарға жеңіс тілеймін. Өздеріңіздің арқаларыңызда біз, бір команда ретінде жеңістерге қол жеткіземіз. Рақмет!", – деп Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Балқыбекованың сөзін келтіреді.