Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісік бойынша 18 мыңға жуық адам ресми тіркеуде тұр, – деп жазады 24.kz.Аймақта жылына 4 жарым мың адамнан қатерлі ісік анықталады. Дереккөздің жазуынша, соңғы үш жылда, әсіресе, Өскемен тұрғындары көп шалдыққан.Бірақ дәрігерлер ауру диагнозы ертерек анықталса, емдеу де оңай дегенді айтады. Өскемендегі онкологиялық диспансерде сәулемен емдеу орталығы ашылған.Орталықта жылына мыңдаған тұрғын емделеді. Дәрігерлер Ұлыбритания, Германия және Израиль мемлекетінде оқыған.Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары Арман Мұқажанов: «Әлемдік тәжірибеде қатерлі іскке шалдыққан науқастың 70-80 проценті емделген соң аз дегенде 5 жылға дейін өмір сүреді. Біз де қазір осы көрсеткішке жақындап келеміз. Дер кезінде анықталса, біздегі науқастардың 50-51 проценті емделеді», – дейді.