Депутат сайлау үшін қаладан ауылыма арнайы келдім – Данияр Есқали
Депутат сайлау үшін қаладан ауылыма арнайы келдім – Данияр Есқали
575
оқылды
Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылындағы №134 сайлау учаскесіне дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Соның ішінде жас сайлаушы Данияр Есқалидің туған күні саяси науқанмен тұспа-тұс келді.    width= Осы күні қаракеткендік жігіт еліміздің баянды болашағы, бақытты өмірі үшін тұңғыш рет өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды. Жас сайлаушы Қызылорда қаласындағы Қызылорда ашық университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алады. – «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, бүгін әрбір жастың дауысы маңызды. Сол себепті 1 күн демалыста оқудан арнайы дауыс беруге ауылыма келдім. Саяси науқанда белсенділік таныту мен үшін өте маңызды қадам. Бала күнімде ата-анам мені ылғи сайлауға ертіп баратын.  Сондықтан тез 18-ге толып, өз таңдауымды жасауға асығатынмын. Міне, кәмелет жасқа толып, саяси науқанда ауылдағы ағайындармен бірге туған жерімнің болашағы үшін таңдау жасадым. Әрине, қуаныштымын. Саяси шарадағы ауылдастарымның ауызбіршілігін көріп, бойымда мақтаныш сезімі оянды. Елімізде амандық, бейбітшілік болсын», – дейді Данияр Елеусінұлы. Сайлаушы отбасында 3 ағайынды. Өзі үйінің үлкені. Келешекте оқуын үздік бітіріп, туған жері үшін еңбек етуді басты мақсат санайды. Жалпы Жалағаш ауданы бойынша саяси шарада алғаш дауыс беру құқығына ие 18 жасқа толған 155 жас сайлаушы тіркелген.