Ұландықтар дауыс беруді аяқтады
Ұландықтар дауыс беруді аяқтады
419
оқылды
Бүгін елімізде ҚР Парламетінің Мәжілісі  мен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлау күні басталды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырына байланысты маңызды оқиғадан тыс қалмады. Осы уақытта Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы өз дауысын берді. Сағат 06:00-де 5573 әскери бөліміндегі №226 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетов келіп, өз дауысын берді.
«Барлық уақытта құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты көрсетеді. Ұлттық ұлан еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына жауап береді. Бүгін әрбір әскери қызметші белсенді қатысып, дауыс беретініне сенімдімін», – деді полковник Қайрат Үмбетов.
ұлан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов әскери бөлімге келіп, жеке құрамның дауыс беру барысымен танысты. Ол дауыс бергеннен кейін жеке құрамға оралды. Сондай-ақ, Бас қолбасшылықтың арнайы штабының қызмет атқаруын тексерді. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болды. Сайлауға тек әскери қызметшілердің өздері ғана емес, олардың отбасы мүшелері де белсенді қатысты. Әскери бөлімдердің мерзімді қызметінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары әскери қалашықтар аумағындағы 36 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әскери қызметшілердің арасында алғаш рет дауыс беруге қатысқандар көп. Әскери бөлімдердегі алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Алғашқы дауыс берушілердің бірі 5573 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Рысқұлбек Диас  болды. ұлан
«Мен Қазақстан азаматы ретінде еліміздің Мәжілісі мен мәслихаттарына депутаттарды сайлауда дауыс беру арқылы азаматтық борышымды орындағым келеді және осымен өз мемлекетімдегі оң өзгерістерге әсер етемін деп сенемін», – деп атап өтті сарбаз.
Аслан Дәуталин де бірінші рет дауыс берді.
«Әскерде  өткен кезеңде біз қоғамдық тәртіптің маңыздылығын және әскери қызметтің қыр-сырын, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың баға жетпес құндылығын түсіндік. Осының арқасында елімізде бейбіт өмір мен келісім орнады. Мен мұны мақтан тұтамын!» - деді ол. «Біз дауыс беруді қорытындыладық. Ұлттық ұланның барлық сайлау учаскелерінде барлық жеке құрам еліміздің болашағы үшін дауыс берді. Бақылаушылардың есептеуінше ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ», – деп қорытындылады генерал-майор Еркін Ботақанов.