Қазақстан бойынша сайлауға қатысты 9 заң бұзу дерегі тіркелді – Бас прокуратура
Қазақстан бойынша сайлауға қатысты 9 заң бұзу дерегі тіркелді – Бас прокуратура
© tengrinews.kz
371
оқылды
Дауыс беру процесі басталғалы бері үш облыста 9 заң бұзу фактісі тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда мәлім етті.
«Мониторинг кезінде Сайлау туралы заңнаманы бұзуға қатысты 9 факті тіркелді. Олар Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде, Жетісу облысының Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы сайлау учаскелерінде және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы сайлау учаскелерінде тіркелді», – деді А.Сарғазин.
Оның айтуынша, осы учаскелердегі сайлау комиссияларының мүшелері азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге жағдай жасаған. Осы арқылы олар сайлау заңнамасын бұзған.