Таңертеңнен бері Қазақстан бойынша 9 азамат келеңсіз мінез-құлық танытқаны үшін сайлау учаскелерінен шығарылған. Бұл туралы телемарафон кезінде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
«Комиссия төрағаларының актілері бойынша оқиғалар дер кезінде шешімін тапты. Келеңсіз мінез-құлық танытқанына байланысты сайлау учаскелерінен 9 азамат шығарылды. Олар түрлі себептерге байланысты. Полиция қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы, елімізде саяси-қоғамдық ахуал тұрақты», – деді комитет төрағасы.
Бұған дейін Бас прокуратура өкілі Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзуға қатысты 9 факті тіркелгенін айтқан болатын.