Елена Рыбакина чемпион атанды
Елена Рыбакина чемпион атанды
Фото: meta-ratings.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Inform.kz-тің мәліметінше, Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті. Бірінші партияда Елена Рыбакина тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4. Екі сағаттан астам уақытқа созылған жарыста Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді. WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингіде 7-орынға көтеріледі.