Серік Күдебаевтың соты тағы да кейінге шегерілді
Серік Күдебаевтың соты тағы да кейінге шегерілді
Фото: dalanews.kz
421
оқылды
Алматы облысы Полиция департаментінің  бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен үшінші рет кейінге шегеріліп отыр. Кейінге қалдырылғаны туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді. Аzattyq-ruhy.kz-тің дерегінше, Серік Күдебаев ауруханаға түскендіктен сот отырысы бірнеше рет кейінге шегерілді. Еске сала кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы болды.