Мерекенің айшығы
Мерекенің айшығы
421
оқылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана–Бурабай ку­рорты бағыты бойынша ұлттық нақышта бе­зен­дірілген электр пойызын іске қосты. Бұл құрам Ас­та­­наны Щучье–Бурабай курорттық аймағымен бай­ла­ныстырады. Мерекелік пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Аста­надан таңертең жолға шығады. Жолаушыларды отыр­ғызу «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан сағат 06.03 минутта, ал «Астана-1» бекетінен сағат 06.57 минутта жөнелтіледі. Жол бойында құрам Ақкөл, Елтай және Макинка стансаларында тоқ­тайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9.51 ми­нутта келеді. Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жаб­дықталған. Олар сапар кезінде ойын-сауық контент пен пай­далы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық пор­талды пайдалана алады.