Түркістанда имамдар саябағы ашылады
Түркістанда имамдар саябағы ашылады
©www.inform.kz
411
оқылды
Қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласында имамдар саябағы ашылады. Бұл туралы Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев хабарлады. Жаңа саябақ Рамазан айының алғашқы онкүндігінде пайдалануға берілмек. Онда ислам дінінің кең таралуына үлес қосқан ел азаматтарының есімдері жазылған тақтайшалар орнатылады. Сондай-ақ, олар туралы арнайы кітап жарық көріп, ас беріледі. «Көптеген шаруаны халықпен, елмен бірге атқарып келе жатырмыз. Өткен жылғы Рамазан айында ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы тұрғын үйге мұқтаж отбасыға 16 үй берілген. Биыл бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар азық-түлікпен қамту да жоспарымызда бар», - деді Мұхаммеджан Жұмадуллаев. Қазір Түркістан қаласында 33 мешіт, 28 намазхана бар. Одан бөлек, Түркістанға тарту ретінде Өзбекстан елі үлкен мешіттің құрылысын жүргізіп жатыр. Олда жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.