Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен болған шаштың ағаруы ешкімді де таңғалдырмайды.
Шаштың ерте ағаруына не себеп?
Нұрсұлтан Жорабаев
19,756
оқылды

Шаштың ағаруын қарттықпен байланыстырып жатамыз. Тіпті, біреудің іс-әрекетіне күйінген сәтте де «Шашымды ағарттың ғой» деп өкпемізді айтамыз. Бұған қарап, шаштың ағаруы да жүйке жүйесінің бұзылуымен сәйкес келетінін аңғаруға болады. Дегенмен ғалымдар зерттеу жүргізіп, шаштың ағаруы осыдан туады деген бірнеше себебін анықтады, – деп Aikyn.kz сайты Massaget.kz сайтына сілтеме бере отырып. 

1. Қарттық

Жас ұлғайған сайын шашқа түс беретін меланин аз мөлшерде бөлінеді. Әлемде 50/50/50 принципі дамыған: 50 жаста әлемнің 50% тұрғынының шашы 50% ақ түске өзгереді. Алғашқы ақ шаш 30 жаста пайда болады, –  дейді ғалымдар.

2.  Генетикалық факторлар

Ақ шаштың пайда болу уақыты, оның тарау жылдамдығы табиғаттың тұқым қуалау қасиетіне сүйене жүзеге асады. Егер ата-анаңыздың шашына ақ ерте түскенін аңғарсаңыз, бұл мәселе сізде де туындауы мүмкін. Көп жағдайда әйел адамның ақ шашы бала босанған соң пайда болады. Өйткені  бұл сәтте гормональді өзгеріс жүзеге асады.

3. Дерт

Қалқанша безімен байланысты дертіңіз болса, онда сіздің шашыңызға ақтың түсу мүмкіндігі жоғары. Кейде, дертпен күресу барысында қабылдаған дәрілер мен химиотерапия әсерінен де шашқа ақ түсіп жатады.

4. Шылым шегу

Егер бұл әдетпен дос болсаңыз, көп мәселемен де жолдас болуға тура келеді. Темекі теріге ғана емес, шаштың түсуіне де әсер етеді. Шашыңыз жасыңызға жетпей аққа оранады. Ғалымдар шылыммен әуестігі жоқ адамдарға қарағанда, шылым шегетіндердің шашының ағару мүмкіндігі 2,5 есе артық екенін дәлелдеді.

5. В12 дәруменінің жетіспеушілігі

Бұл дәруменнің жетіспеушілігі тек шаштың ерте ағаруына емес, оның түсуіне де әкеледі. Бірақ онымен күресу өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз. Дәруменді жеткілікті пайдалансаңыз, бұл мәселеден оңай құтыласыз.

6. Күйзеліс

Жүйке жүйеңіз қалыпты жұмыс істемейтін болса, шашыңызға ақ сіз ойлағаннан ерте түседі. Тек шашыңыз емес, бетіңізде де әжім ерте пайда болады.

Шаштың ағаруымен қалай күресеміз?

– Шашыңызды бояңыз. Сапалы бояумен боясаңыз, шашыңыз жарты жылға дейін өз түсін сақтайды.

– Бала кезден шашыңызға дұрыс күтім жасаңыз. Түрлі маскалардан бөлек, шашыңызды дұрыс жуыңыз. Оның өзі үлкен еңбекті талап етеді.

– Күйзеліс пен жүйке ауруларынан сақтаныңыз.

– Денеңізге қажетті дәруменді уақытылы қабылдаңыз.

– Шылым шегуді доғарыңыз.