«Астана» арнасында тұсаукесер!
«Жаралы жүрек» – кек пен махаббат тоғысқан тағдырлы хикая
234
оқылды

Телехикаядағы басты оқиға бір-бірімен көп жылдан бері жауласып келе жатқан екі әулеттің төңірегінде өрбиді. Қанды кек пен өшпенділік талай тағдырды тәлкекке салған. Осы қақтығысты тоқтату үшін әулет мұрагері Баран Қарабей мен Дилан Демир амалсыздан некеге тұрады. Бастапқыда бұл екі отбасы арасындағы жанжалды тоқтатудың жолы ретінде қарастырылған. Алайда уақыт өте келе екі жастың қарым-қатынасы шынайы сезімге ұласады. 

«Жаралы жүрек» бірнеше маусым бойы көрсетілген ауқымды жобаға айналды. Сериал Түркияда ғана емес, ТМД елдерінде, Таяу Шығыста және басқа да өңірлерде кең аудитория жинады. Басты рөлдерді түрік актерлері Барыш Бакташ пен Ягмур Юксел сомдайды. Олар Баран мен Диланның күрделі тағдырын, ішкі жан дүниесін және махаббат жолындағы күресін әдемі жеткізе білді. Көрермен қызығушылығының артуына актерлердің үйлесімді ойыны да үлкен ықпал етті. 

«Жаралы жүрек» – махаббаттың кез келген кедергіні жеңе алатынын көрсететін әсерлі драма. Мұнда отбасылық тартыс, сезім, сатқындық пен үміт астасып жатады. Күрделі тағдырлар мен шынайы эмоцияларға толы оқиға көрерменді бейжай қалдырмайды деп сенеміз. 

24 маусымнан бастап күн сайын сағат 21:00-де «Астана» арнасынан «Жаралы жүрек» телехикаясын тамашалаңыздар!