Ертең елімізде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады
Ертең елімізде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады
Фото: yandex.kz
372
оқылды
Ертең, 22 наурызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайдың болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз ашық болады.  «Тек Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді. Сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды.