Қарағандылық жігіт Наурыз мейрамында қошқарды 110 рет көтерген
Қарағандылық жігіт Наурыз мейрамында қошқарды 110 рет көтерген
©https://kaz.zakon.kz/
695
оқылды
Қарағандыда Шыңғысхан Батырхан Наурыз мейрамын тойлау кезінде қошқарды 110 рет көтерді. "Индустриальная Караганда" басылымының жазуынша, Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда мықтылар мен епті ерлер арасындағы жарыс өткен. Жас жігіттің осы сынақтан кейін әлсіреп, жүруге күші қалмаған. Тіпті, сөйлей алмай қалған. Сонымен бірге кір көтеруден жарыстың жеңмпазы Ниетхан Төлеухан атанды. Ол 16 келілік кір тасын 54 рет көтерді. Байқаудың барлық жеңімпазы мен жүлдегеріне ет, құрт, тәттілер түріндегі бағалы сыйлықтар табысталды.