Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады
Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады
381
оқылды
Түркістан облысының Еңбек ауылында Арыс өзеніне ағып кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 17 наурыз күні Түлкібас аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін айтқан. Кешкі уақытта үш бүлдіршін туысының үйіне баруға шыққан. Үлкені – бес жаста. Полицияның болжамынша, балалар суды кешіп өтпек болған. Осы сәт су 4 жасар бүлдіршінді ағызып әкеткен.
«Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазір қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.