Алдағы үш күн жауын-шашынсыз болады
Алдағы үш күн жауын-шашынсыз болады
Фото: qazaly.kz
565
оқылды
"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз, ашық болады. "Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", – деп хабарлады синоптиктер. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.