Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды
511
оқылды
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды. Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Ол жерден тапаншалар да, револьверлер де, пулеметтер де және басқа қарулар да қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады», –  деді Жетісу облысы Полиция департаменті ҰҚҚ КБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.