Атырауда қыста Жайық өзеніне балық аулауға барған 49 жастағы ер адам мұз ойылып, суға батып кеткен. Екі жарым ай өткен соң құтқарушылар балықшының мәйітін тапты. Бұл туралы Aikyn.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап хабарлайды. Құтқарушылар 49 жастағы тұрғынның мәйітін 22 наурызда таңертең сағат 9:30 шамасында Жұмыскер-Балықшы көпірінің астынан тапты. https://youtu.be/IBI1JYkonRU Айта кетейік, Атырауда 5 қаңтарда ер адам Жайық өзеніне батып кеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адамды 16 наурыздан бастап 1 қайықпен 5 құтқарушы қайта іздеуге кірісті. Күн жылынып, Жайық өзенінде мұз еріген соң батып кеткен адамның туыстары құтқарушыларға іздестіру жұмысын жалғастыру туралы өтініш жазған.