"26 градусқа дейін жылынады": 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
"26 градусқа дейін жылынады": 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
© syrboyi.kz
819
оқылды
«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер болжамынша, алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады.
«Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман болады», – делінген хабарламада.
Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды. Республика бойынша термометрлер бағаны:
  • батыста күндізгі уақытта 12-26°С жылы;
  • солтүстік-батыста 5-20°С жылы;
  • солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15°С жылы;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 13-25°С жылы;
  • таулы аймақтарда 8-13°С жылы болады.