Ақмола облысында ер адам тамақ ішіп отырып көз жұмды
Ақмола облысында ер адам тамақ ішіп отырып көз жұмды
фото: Рexels.com
1,430
оқылды
Ақмола облысының Сандықтау ауданында ер адам тамақ ішіп отырып қайтыс болды. Қазір полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 55 жастағы ер адамның кенеттен қайтыс болуына байланысты Сандықтау аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуді бастаған. Оқиға 22 наурызда болған. Полицияға елорда тұрғынының қайтыс болғаны туралы учаскелік полиция инспекторы хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеп отырып тұншығып кеткен. "Алдын ала мәліметтер бойынша ер адамның өлімі механикалық асфиксиядан, яғни, тыныс жолдарында тамақтың тұрып қалуы салдарынан болған. Ер адам ауылда қонақта болған", - дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Астаналық азаматтың өлімінің нақты себептері сот-медициналық сараптамасы барысында анықталады.