Африкалық жайынды жерсіндірген
Африкалық жайынды жерсіндірген
1,870
оқылды
Қызылордада балықтың ерекше  түрі өсіріледі. Африкалық жайын балығын Сыр табиғатына бейімдеуді шиелілік кәсіпкер қолға алып отыр. Тың кәсіпті меңгерген кәсіпкер ыстық белдеуде ғана кездесетін балықтың бұл түрін өзімізде өсіруге ниетті. Тың кәсіпті бастаған Шиелі ау­да­ны Бидайкөл ауылының тұр­ғы­ны Мұрат Қалиевтің алға қойған мақ­са­ты асқақ. Африкалық жайын балығын Сыр өңірінің табиғатына жерсіндіруді мақ­сат тұтқан ол өз кәсібін бастамас бұ­рын ұзақ ізденген. Балықтың осы ерек­ше түрі жайында көптеген ақпарат жи­нақтаған. Негізінде, балықтың аталған тұ­қымы көбіне Африка елінде өсі­ріледі. Сондай-ақ Сахара су қой­ма­ла­рында, Иордания өзені бассейн­де­рін­де, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жиі кездеседі. Сондай-ақ бұл балық қабыр­шақ­ты әрі терісі судың түсіне бай­ла­­­нысты болып келеді. 1-1,5 жылдан кейін уылдырық шаша бастайды.  Уыл­дырығының салмағы 400-500 грамм, ал ұзындығы 300-400 миллиметр болады. Жалпы, көбіне ыстық аймақ­тар­да тіршілік ететін болғандық­тан, кәсіпкерге бұл балық түрін Сыр та­биғатына бейімдеу оңайға соқпаса ке­рек. Өйткені суыққа төзімсіз келеді.
«Жайын балығының африкалық тұ­қымын көршілес Өзбекстаннан ар­найы тапсырыспен алдық. Көрші мем­ле­кетте бұл балық түрін өсіру жақсы да­мыған. Негізінен, Өзбекстанда тоған­ды балық шаруашылығы жақсы дамы­ған. Сондықтан да ол жақта бұл балықты бейімдеуде еш қиындық туындамайды. Өт­кен жылы африкалық балықты өзі­мізде өсіруге деген қызығушылық пайда болды. Сол мақсатта 2022 жылдың та­мыз айында 2 500 жайын шабағын ал­дыр­дым. Үйімнің ауласына арнайы қауыз жасатып, сол жерде өсіріп отыр­мын», – дейді Мұрат Қалиев.
Кәсіпкердің айтуынша, жайын ба­лығының бұл тұқымы тез сал­мақ жинайтындықтан, етті болып ке­леді. Жыртқыш санатына жататын ба­лықты жақсы баптаса, әр шабағы 3 ке­­ліге дейін тартатын көрінеді. Сондық­тан бұл теңіз байлығын өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуге болады екен. жайын Жабық су бассейнін жасап, ба­лық­ты Сыр табиғатына жер­сін­­діруді қолға алған кәсіпкердің алға қой­ған жоспары көп. Елдің өзге ау­ма­ғын­да да африкалық балықтың өні­мі­мен қамтамасыз етуді көздейді.
«Африкалық жайын балығының ша­бақтарын қауызда +28 градус тем­пе­ратурада ұстап отырмыз. Қалай дегенде де, Өзбекстанмен салыстырғанда  Қы­зылорданың ауа райы бұл балықтың өсуі­не жайсыз. Сол себепті жасанды жы­лы температураны қолдануға мәж­бүр­міз. Әсіресе, қыс мегілінде оны кү­тіп-баптау оңай болмайды. Соған орай бұл балықты көктем мен жаз мезгілінде өсі­ріп, күн суытатын уақыт таянғанда экс­портқа шығарамын», – дейді кәсіп­кер.
Еліміздің табиғатына таңсық ба­лық түрін өсіруді қолға алған кә­­сіпкер өз кәсібін кеңейтуді де көз­дей­ді. Осы мақсатта алдағы сәуір айында Өз­бекстаннан қосымша 30 мың шаба­ғын алдыруды жоспарлап отырғанын ай­та­ды. Сонымен қатар шағын тоған шаруа­шылығын құрмақ ниеті бар. Бұл жос­пары ауыл әкімдігі тарапынан да қол­дау тауыпты. Осылайша, табиға­ты­нан батпақты су қоймаларына бейім ба­лықты тез көбейтуге болатынын алға тар­тады. Кәсіпкер балық жемін Алматы қаласынан арнайы тапсырыс­пен алдырып отыр. Салмағы үш келіге жеткен шабақтарды Қытайға экспорт­тау­ды да жолға қойыпты. Себебі көр­ші­лес елде балықтың бұл түріне сұраныс өте жоғары болса керек. Сондай-ақ ба­лық шаруашылығын дамытуға ниетті аза­маттарға шабақтарын сатуды да көз­дейді. Тоған шаруашылығын өрістетуге бет бұрған кәсіпкердің алға қой­ған жоспары ауқымды. Тоған шаруа­шы­лығын ашу арқылы жергілікті тұрғын­дар­ды жұмыспен қамтуға ниет білдіріп отыр. Келешекте өзбекстандық әріптес­тер­мен келісімшарт негізінде уылдырық шай­қау цехын іске қосып, өзге балық түр­лерін өсіруді де қолға алғысы келеді.

Қызылорда облысы