Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«27 ақпанда кешкі сағат 22:50-де кезекші бөлімге Пушкин 51 мекенжайында орналасқан Еуразиялық банктің банкоматы жарылғаны туралы хабарлама түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Еуразиялық банк бұл жағдайды растады, жарылыс себебі тергеу шараларынан кейін белгілі болады.
https://www.instagram.com/tv/B9Gj32onG-3/?utm_source=ig_web_copy_link