Ақтаулық оқушы Satbayev University-нің оқу грантын жеңіп алды
Ақтаулық оқушы Satbayev University-нің оқу грантын жеңіп алды
Алматыдағы Satbayev University-де еліміздің түкпір-түкпірінен 11 және 12-сынып оқушыларына арналған республикалық «Жас Сәтбаев II » зияткерлік ойыны өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – өз білімін, ақыл-ойының зеректігін, ойлау жылдамдығы және бойындағы зияткерлік қасиеттерін көрсете алатын жас таланттарды іздеу.  width= Жас та жігерлі жастардың жарысын оқу орнының ректоры Мейрам Бегентаев құттықтау сөз сөйлеп ашты.
«Сіздерді осы алаңға келулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!  Ойынға сәттілік тілеймін! Бұл сіздерге жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар бойларыңыздағы білімдеріңізді көрсететін алаң. Сіздерге жақсы көңіл күй тілеймін. Әрқашанда биіктерден көріне беріңіздер, сәттілік болсын», – деді университеттің Басқарма төраға-ректоры.
 width= Бүгінде  биотехнологиясыз, компьютерлік технологиясыз және ғылымның басқа да жетістіктерінсіз өмірді елестету мүмкін емес. Сонымен қатар жаңа инновациялар, жаңалықтар және техникалық өнертабыстардың барлығы ғылыми білімге негізделгені анық. Білім сайысына қатысқан жас таланттар математика, физика, химия пәндері бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды Осикова Камилла Геннадьевна, 2-орынды Махидинова Анела Жамалдиловна жеңіп алды. Екі жүлдегер де алғысхатпен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды. 2023 жылғы "Жас Сәтбаев II" ойынының жеңімпазы болып Ақтау қаласынан келген Мәуленов Ғабиден Мәуленұлы танылды. Ол Satbayev University-нің бакалавриатының білім беру бағдарламасы бойынша (шәкіртақысыз) грантын жеңіп алды. Нұрболат Адырбек, Алматы