Қызылорда облысында бір жасар сәби шұңқырға құлап мерт болды
Қызылорда облысында бір жасар сәби шұңқырға құлап мерт болды
547
оқылды
Қызылорда облысында бір жастағы сәби есік алдындағы септикке құлап көз жұмды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12:55-те хабарлама түскен.
«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.