Қытай билігі коронавирусты жұқтырғанын хабарлаған азаматтарға ақша төлей бастады
Қытай билігі коронавирусты жұқтырғанын хабарлаған азаматтарға ақша төлей бастады
© inbusiness.kz
290
оқылды
Қытай билігі «қауіпті індетті жұқтырдым» деп айтқан азаматтарға ақша төлей бастады, - деп хабаралайды Atameken Business. Мұндай қадамға әзірге Хубэй провинциясының әкімшілігі барып отыр. Олар коронавирустың таралуын ауыздықтау мақсатында дерттің белгілері туралы хабарлаған адамға 1400 доллар береді. Арнайы әлеуметтік бағдарламаның талабына сай, дене қызуы бар жергілікті тұрғын өз еркімен медициналық мекемелерге жүгінген жағдайда оған 1 мың юань мөлшеріндегі сыйақы тағайындалады. Ал коронавирус симптомдарымен шағымданып, «жұқтыруы мүмкін» деген күдікті пациенттердің тізіміне енгізілсе, 2 мың юань алады. Ең жоғарғы төлемге өз еркімен көмек сұрап, зерттеу нәтижелері бойынша коронавирусты жұқтырғаны дәлелденген науқас ие болады. Оған 10 мың юань, яғни шамамен жарты миллион теңге беріледі. Мұндай бағдарлама 2 наурызға дейін жалғасатынын айта кетейін.