Еркектен өткен қанішер, жауыз, тиран жоқ – Сәуле Әбілдаханқызы

Еркектен өткен қанішер, жауыз, тиран жоқ – Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ер адамдар туралы өткір жазба қалдырды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Еркектен өткен қанішер, жауыз, тиран жоқ қой... Өз балаларын да, әйелін де, туыстарын да балталай салады... Өзгелерді де оп-оңай өлтіре салады... Адамзат пайда болғалы бері тарихты қарасаңыз, адамзаттың қанын суша төккен тирандар – тек еркектер... императорлар, патшалар, хандар, корольдер, президенттер... Цезарь, Македонский, Шыңғыс хан, Наполеон, Гитлер, Сталин... путлер... миллиондаған, жүз миллиондаған адам, тұтас тайпалар мен ұлттар осындай өз эгосына, өз амбициясына тұншыққан жауыз, қанішер, топас та тиран еркектердің кесірінен жойылды... 21 ғасырда соғысып, бірін-бірі қырып жүрген адамзатты ештеңемен ақтауға болмайды... Әділетсіз жауыздар Жер-Ананы қанға бөктірді... Не үшін? Әйел – өмір сыйлаушы, өмір жалғастырушы, бейбітшілік символы болса, еркек – өмірді үзуші, тоқтатушы, өлтіруші, жоюшы соғысқұмар қанішер, соғыс символы екен... (Элементарно... бала жасағанды біліп, оны асырауды, тәрбиелеуді білмейтін, өз баласына алимент төлеуден қашып жүретіні сорлылық, жауыздық емей немене... солардың кейбірі депутат болып, әкім-қара болып, "халықтың мәселесін шешпек..."))))) Абылды өлтірген Қабыл... Адам Ата перзенті... Құдайдың да мейірімі мен қайырымының шегі бар... Ақырзаман бүгін орнаса да, мейлі... біз одан басқаға лайық емеспіз", – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ақтауда әкесі үш баласын азаптап өлтіргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.