Атыраулық бойжеткен Facebook-те өзі туралы жазылған жазбаға қатысты сотқа берді
Атыраулық бойжеткен Facebook-те өзі туралы жазылған жазбаға қатысты сотқа берді
A man poses with a magnifier in front of a Facebook logo on display in this illustration taken in Sarajevo, Bosnia and Herzegovina, December 16, 2015. REUTERS/Dado Ruvic/Illustration/File Photo GLOBAL BUSINESS WEEK AHEAD PACKAGE - SEARCH "BUSINESS WEEK AHEAD JULY 25" FOR ALL IMAGES
Facebook қолданушыларының бірі өз парақшасында Атырау тұрғынына қатысты жалған ақпаратты қамтитын жазба жариялады. Салдарынан үлкен дау туып, ақыры іс сотқа жетті. Аталған даулы істі Қызылқоға аудандық соты қарады.
"Facebook қолданушысының өз парақшасында қыздың ар-намысына тиіп, көпшілік алдында қадір-қасиетін кетіріп, қорлағаны, сондай-ақ ол туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды", – деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы.
Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы, яғни "Қорлау" бойынша айып тағылды. Алайда, тараптар сот залынан тыс келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара ымыраға келе алды. Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.