Алғашқы жарна төмендемек
Алғашқы жарна төмендемек
474
оқылды
Енді Отбасы банкінің салымшылары 30%-дан басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Өңірлік комму­никациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты ба­рысында «Отбасы банк» АҚ Ал­маты қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова айтып берді.
«Жыл басынан бері Отбасы банк қызметкерлері 8 400 заем берді. Демек, күніне 150-160 адам қолжетімді несиеге өтініш беріп, қоныс тойын тойлайды. Берілген несиенің төрттен бірі – Алматының үлесіне тиесілі. Со­нымен қатар қала тұрғындары жинақтау және одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін күн сайын 100-ден астам жаңа депозит ашады. Алайда оның бәрі мем­ле­кеттік бағдарламалардың шарт­тарына сәйкес келмейді. Сол себепті біздің инвестор­ларымыздың көпшілігі тұрғын үйді коммерциялық нарықтан сатып алады. Қазір біз құрылыс салушылармен бірге жаңа ме­ханизм әзірлеудеміз, оның басты құндылығы – бастапқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмен­дету. Құрылыс компанияларына бөлінген субсидиялар оны азай­туға мүмкіндік беріп отыр», – деп түсіндірді «Отбасы банк» Алматы қаласы бойынша фи­лиалының директоры Данагүл Түсіпова.
Бұған дейін Алматыда 30 па­йызбен Отбасы банк клиент­те­ріне қаланың 10 тұрғын үй ке­­ше­ніндегі 850 пәтер ұсынылған екен. Тұрғындар өздеріне ұнай­тын нысанды таңдап, «Баспана Маркет» порталында немесе банк бөлімшесінде пәтер брон­датып, несиеге өтініш бере алады.