Шетелдік блогерлер Алматының алмасы жайлы бейнеролик жасап шығарды
Шетелдік блогерлер Алматының алмасы жайлы бейнеролик жасап шығарды
1,034
оқылды
Танымал YouTube арнасында «Алматы – алманың отаны» атты оңтүстік астана туралы бейнеролик жарыққа шықты. Танымал араб-израильдік видеоблогер Нусейр Ясиннің шығармашылық командасы Алматыға арнайы келіп, қаланың ең танымал символы – алма туралы ролик түсірді. Видео түрлі платформаларда, соның ішінде YouTube, Instagram, TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланды. Бүгінде  жобаның жалпы аудиториясы 60 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды. Бейнероликті түсірген News Daily арнасы бұған дейін түрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін және бүкіл әлем бойынша туристердің болуы тиіс бірегей орындарды көрсететін видеороликтерімен танымал. алматы Nas Daily командасы елімізде барлығы бес видеоролик түсірді. Оның төртеуі Алматыға, біреуі Астанаға, сонымен қатар Алматы мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы және басқа да ерекшеліктеріне арналған. Команда мүшелері Қазақстанға сапарларының оң әсерімен бөлісті, олар тағамдардың көптігін, бай ұлттық дәстүрлерді, қонақжайлылық пен табиғаттың сұлулығын атап өтті. Туристерге Алматыға міндетті түрде келуге кеңес берді. Айта кетейік, бейнероликтер Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Visit Almaty туристік ақпараттық орталығының қолдауымен жасалды.