«Қ.Боранбаев 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына қызмет атқару құқығынан айыру мен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді прокурор Айжан Аймағанова.Алайда кәсіпкер тергеушілердің кәдімгі коммерциялық мәмілені қылмыс деп санағанын, енді ұлттық компанияға материалдық шығын келтірді деген айып тағылып отырғанын айтады. Сотқа сонымен қатар аталған іске қатысы бар деген айыппен Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та тартылып жатыр. Олар үшін де прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Үшеуі де кінәсін мойындаған жоқ.
Прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

784
оқылды
оқылды