«Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша сараланатын, алайда биылғы 7 наурыздан бастап заңнамаға бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы, яғни «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады», – деді Петропавл қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.https://www.youtube.com/watch?v=SeBhfXSNYNU&ab_channel=SQOPD%D0%94%D0%9F%D0%A1%D0%9A%D0%9E
Петропавлда аялдама әйнегін сындырған жігітке жаза қолданылды

255
оқылды
оқылды