Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр
Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр
709
оқылды
Президент Үкіметтің бірлескен отырысында бүгінде су қауіпсіздігі күн тәртібіндегі негізгі мәселе екенін айтты. – Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық, – деп түсіндірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.