Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы өткізу бекеті уақытша жабылды – ҰҚК
Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы өткізу бекеті уақытша жабылды – ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қостанай облысында су тасқынына байланысты «Желқуар» автокөлік өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар" автокөлік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.
«Желқуар» автокөлік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.
«Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады», - делінген хабарламада.