Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды
Фото: vmnews.ru
3,638
оқылды
Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік отбасы қаза тапты, – деп хабарлайды polisia.kz. 29 наурыз күні «Ақтөбе-Астрахан» автожолының 252-шақырымында көлік апаты болды. Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Datsun автомобилімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды. Олар Ресей Федерациясының азаматтары болатын. «ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», – деп ескертті Байғанин ауданы Полиция бөлімінің бастығы Берік Айсин.