Рим папасы Франциск сәрсенбіде денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылды. Ол бірнеше күн бойы римдік "Джемелли" ауруханасында болады, – деп хабарлады Inbusiness.kz итальяндық БАҚ-қа сілтеме жасап.
La Stampa газеті понтификтің жақын арада денсаулығын тексерту керек болғанын, алайда жағдайының күрт нашарлауына байланысты ол жоспарын кейінге қалдыруға тура келген. Ақыры Рим Папасы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бастапқыда понтификтің жүрегі ауырады деп сенген дәрігерлер кейін оның денсаулығы респираторлық аурудан нашарлағанын хабарлады.
"Ол "Агостино Джемелли" қорының ауруханасында тексеруден өтті. Оның нәтижесіне сенсек, понтифик респираторлық инфекция жұқтыртқан, сондықтан ол бірнеше күнге қажетті шаралар қабылдау үшін ауруханада қалады", – делінген хабарламада.