Цифрландыру азаматтар өмірінің барлық салаларына енуі тиіс – Президент
Цифрландыру азаматтар өмірінің барлық салаларына енуі тиіс – Президент
Фото: egemen.kz
476
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс деген тапсырма берді.
«Адами капиталдың сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет. «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, ЖОО базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы отандық ғылымның кешенді дамуын жеке бақылауына алатынын айтты.
«Одан бөлек, денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет», – деді Президент.