Денис Рыпаков Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды
Денис Рыпаков Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды
247
оқылды
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып Денис Рыпаков сайланды. Бүгін Өскемен қаласында VIII сайланған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Онда депутаттар мәслихат хатшысы етіп Денис Рыпаковты сайлады. Денис Сергеевич Рыпаков 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998-2006 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен Дүниежүзілік универсиаданың күміс жүлдегері, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 2001 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Денешынықтыру және спорт басқармасын басқарды. 2021 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.