Алматы облысында 2-сынып оқушысын 5-сыныптың ұлдары зорлаған
Алматы облысында 2-сынып оқушысын 5-сыныптың ұлдары зорлаған
Фото: 24.kz
2,274
оқылды
Алматы облысында 2-сынып оқушысына жоғары сыныптың оқушылары зорлық әрекеттерін жасаған. ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданған.
«Ол өзінің арызында сол күні сағат 16.00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады. Арызданушының айтуынша, 2011 және 2008 жылғы екі жасөспірім ауылдың шетінде, өз жастарынан әлдеқайда кіші баланы қорлаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», –  делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша, оқиғаға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  127-бабы  3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
«Бұдан өзге  тиісті материалдар 27 наурызда осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді», –  делінген хабарламада.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.