Жеңіс Қасымбек елордалық кәсіпкерлермен кездесті
Жеңіс Қасымбек елордалық кәсіпкерлермен кездесті
©www.gov.kz
566
оқылды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлермен кездесті. «ШОБ - тірі әрі өсімтал организм тәрізді, оның тоқтаусыз жұмысы көптеген факторға байланысты. Біздің міндетіміз - көмек көрсету және тиісті жағдай жасау. Елордада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Қала тұрғындары олардың қызметін күн сайын түрлі салаларда пайдаланады. Бизнес 460 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының 71%-ын құрайды», -  деді қала әкімі. «Ашық микрофон» форматында өткен кездесуде елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар (қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй, мектептер, медициналық нысандар, балабақшалар және т.б.) салу, интернеттің қолжетімділігі мен сапасы, жер қатынастары саласы, ақылы тұрақ орындары бойынша МЖӘ жобасына өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер көтерілді.

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бастамашылық еткен іс-шараға ШОБ, салалық қауымдастықтар, құқық қорғау және қадағалау органдары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. өкілдері қатысты. Жиын барысында қала әкімі ел ішінде бизнесті дамытуға және оларға шын мәнінде көмектесуге мүмкіндік беру маңызды екенін атап өтті. - Біз кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылдадық: АЭА және индустриялық парк аумағында преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер беріледі, «Astana Invest» инвесторларына арналған фронт-офис жұмыс істейді, инженерлік желілерді жүргізуге, қажетті инфрақұрылымды құруға көмек көрсетіледі. Бірақ осының өзі де жеткіліксіз. «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп қосымша қолдау шараларын жасаймыз, оның ішінде бюрократиялық кедергілерді жою ісін де жалғастырамыз. Мұндай кездесулер тұрақты түрде өтетін болады, - деді Жеңіс Қасымбек.